Меню KDT

Басты бет

 

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті.

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Бұл індет дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізігі басымдықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Біз қазір Жаңа Қазақстанға аттап жаңа қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына жемқорлықсыз қоғам болып қалыптасуды сіндіру керек.  Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы және адамгершілік міндеті деп білуіміз керек. Сондай-ақ жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу-олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынып жете түсінуіне және орындауына көмектесудің алғы шарттарының бірі болып саналуы тиіс. Ол үшін ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда ғана адам адамгершілікке жат-қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді. Қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас-жемқорлық-бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны жас ұрпақ тәрбиесіне зиян болатындығы бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен кесірін тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екендігі айқын. Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі екені әрқайсысымыздың ұғымымызға қалыптасу керек. Бұл кесел қоғамның бақытты болашағын тежейді, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіреді, жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді.

Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке ел болып атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.

 

Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының

бас дәрігері

Е.Ш. Абдыхалыков



«Ашық есік күні»

1 маусым күні Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасы әдеттегідей «Халықаралық балаларды қорғау күніне «Ашық есік күнін» өткізді.

 

Дұрыс тамақтану ережелері

Аурухана диетолог маманы Саменова Нұрсұлу емделуші балаларға және ата-аналарға тамақтану ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.






«Көңілді эстафета» спорттық ойындар өткізілді
 



1 маусым «Халықаралық балаларды қорғау күні»

Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының «Қамқорлық» оңалту орталығында 2023 жылдың 1 маусым күні «Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай ем алушы балалар мен ата – аналардың қатысуымен «Көңілді эстафета» атты спорттық, эстафеталық ойындар өткізілді. Мақсаты: Балаларды салауатты өмір сүре білуге шақыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, балаларды достық пен ынтамаққа баулу, күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту. Балалар да, оның ішінде ата-аналар да эстафетаға белсене қатысып, жақсы нәтиже көрсетті.

 

«Медицина үздігі – 2023»

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптіқ одағының РҚБ-нің Жамбыл облыстық филиалының демеушілігімен Жамбыл облысының медициналық ұйымдарының дәрігерлері арасында «Медицина үздігі – 2023» медицина қызметкерлері күніне арналған өңірлік кәсіптік конкурсы болып өтті. Байқаудың «Стационардың үздік дәрігері» номинациясы бойынша, ауруханамыздың дәрігері Тұрсынбекова Раушан Қуанышбаевна ІІІ-ші жүлделі орынға ие болды.

Өзінің кәсіби шеберлігін жоғарғы деңгейде көрсете білген әріптесімізді жетістігімен құттықтаймыз!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі туралы ереже

 

Бүгін аурухананың комплаенс-қызметкері Рауан Далибаев, медициналық қызметкерлерге жаңадан қабылданған «Жамбыл облыстық көп бейінді балалар ауруханасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі туралы ережемен» таныстырды. Кездесуде ережедегі негізгі ұғымдарға, комплаенс-қызметінің мақсаттарына, міндеттеріне, функциялары мен өкілеттіліктеріне тоқталып өтті.
 

10 жасар қыз ботулизмнен кейін толық қалпына келді

На протяжении месяца в отделении неврологии Жамбылской областной многопрофильной детской больницы проходила лечение 10-летняя девочка. Она была переведена из областной инфекционной больницы, где находилась в течение месяца в коме на аппарате ИВЛ с диагнозом – ботулизм. Болезнь проявилась на следующий день после употребления маринованных огурцов без видимых признаков помутнения и бомбажа.

Как сообщила лечащий врач Ирина Жабасова, ребенок дышал через трахеостомическую трубку, нуждался в увлажненном кислороде, не мог глотать и поэтому питался через зонд. После проведенной терапии у пациентки постепенно восстановилось движение в конечностях, начала брать предметы, поднимать руки, сгибать левую ногу в коленном суставе. По словам специалистов, восстановление организма после перенесенного ботулизма происходит в течение многих месяцев и даже лет. Однако девочка быстро пошла на поправку, ее сняли с аппарата ИВЛ, она начала двигаться, самостоятельно принимать пищу. В удовлетворительном состоянии выписали домой. Прогноз благоприятный.

Ботулизм — тяжёлое заболевание, характеризующееся поражением нервной системы, преимущественно продолговатого и спинного мозга, протекающее с преобладанием офтальмоплегического и бульбарного синдромов. К нейроинфекциям ботулизм не относится, так как при них поражение периферических нервных стволов вызывает не сам возбудитель, а его нейротоксин.

Помимо пищевого ботулизма, регистрируются единичные случаи ботулизма у детей до года, находящихся на искусственном вскармливании питательными смесями, содержащими мёд, а их кишечная микрофлора ещё не способна эффективно подавлять их развитие.

Основа профилактики — соблюдение гигиены питания, контроль за соблюдением технологии приготовления пищевых продуктов (особенно консервирования) и контроль за условиями их хранения. Не следует покупать мясные и рыбные изделия у частных лиц, лучше брать эти продукты только в магазинах, желательно заводского производства.



Аурухана бастауыш кәсіподақ ұйымының 2022 жылдық есебі тыңдалды.

Бүгін Жамбыл облыстық көп бейінді балалар ауруханасының жиын залында Жамбыл облыстық «SENIM» медицина қызметкерлер кәсіподақ филиалының төрайымы Гүлмайра Момбекованың қатысуымен аурухана бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Болатбек Биназаровтың 2022 жылдық есебі тыңдалды.

Аурухана кәсіподақ ұйымы, еңбек адамдары үшін лайықты өмір жағдайын жасау, еңбек қатынастарында кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытында жүйелі жұмыстар атқарып келеді.

Кәсіподақ ұйымына 1008 мүше тіркелген. Жылдық есепте қайырымдылық көмекке, мәдени және спорттық іс-шаралар мен қызметкерлердің сауықтыру демалысына жұмсалған қаржы есебі көрсетілді. Оның ішінде: рентген сәулесімен жұмыс жасайтын қызметкерлерге асханадан сүт тағамы бөлінуі; әкімшілік қызметкерлерінің еңбек демалыс күндерін ұлғайту; медицина қызметкерлерін 5 жыл сайын аурухана есебінен біліктілігін көтеру; қызметкерлерге жақын туысының қайтыс болуына және отбасы құруына байланысты 3 күн демалыс беру туралы жеңілдіктер аурухананың 2023-2025 жылдарға арналған ұжымдық келісім-шартына енгізілді.

Сонымен қатар, ревизиялық есеп комиссиясының төрайымы Светлана Сарина ұжым алдында кәсіподақ комитетінің есеп-қисап жұмыстарының тыңғылықты орындалғанын айтты.

Өз кезігенде сөз алған Жамбыл облыстық «SENIM» медицина қызметкерлер кәсіподақ филиалының төрайымы Гүлмайра Момбекова кәсіподақ мүшелеріне алғысын білдіре отырып, кәсіподақ төрағасы Болатбек Биназаровқа қаржылай сыйлық сертификатын табыс етті.

Аурухана ұжымы атынан бірқатар дәрігерлер сөз алып кәсіподақ комитетінің төрағасы Болатбек Биназаровтың жұымысына жоғары баға беріп, ырзалығын білдірді және бірауыздан әрі қарай бастауыш кәсіподақ комитетіне төрағалыққа сайлады.


 
 

« Айболит пен қарақшы» атты қойылым көрсетті

Бүгін Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры ұжымы ауруханамыздың «Қамқорлық» оңалту орталығына арнайы келіп, балаларға арналған « Айболит пен қарақшы» атты қойылым көрсетті. Қойылым кеіпкерлері ата-аналармен балаларға жақсы әсер қалдырды.

Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасы ұжымы, Жамбыл облыстық қазақ драма театры директоры М.Ақүрпековпен театр ұжымына емделуші балалардың ата-аналары атынан алғыс білдіреді.


 
 


«Ашық есік күні»

 

15 мамыр Халықаралық отбасы күніне Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының кеңестік-диагностика бөлімшесінде «Ашық есік күнін» өткізді. Дәрігер кеңесіне жүгінген балалар саны -119 болды. Оның ішінде:

 

Хирург-5

 

Нейрохирург-6

 

Невропатолог-20

 

Ортопед -29

 

Ревматолог-7

 

Пульмонолог -7

 

Уролог-18

 

Нефролог-7

 

Гематлог -16

 

Инфекционист-2

 

ЭЭГ -1

 

ФГДС -3

 

Ата-аналар балаларын дәрігерлердің мұқият тексерулерінен өткізіп, қажетті кеңестер алды.