Тәуелсіздік күніне орай 2020 жылдың 14 желтоқсан күні Жамбыл облысы, Тараз қаласында «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды. Осыған дейін балаларымыз Елордаға жолдама арқылы ем алса, қазіргі таңда сондай ем шараларын Тараз қаласынан алуға мүмкіндік бар.
Қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүмкіндіктер жасалуда.
Оңалту орталығы – бұл сал ауруына шалдыққан және жүйке жүйесі мен тірек-қимыл мүшелерінің ақауы бар нейрохирургиялық оталардан кейінгі оңалту пациенттерді медициналық, педогогикалық қалпына келтірумен айналысады. Орталық 80 төсек орынға, неврологиялық, травматологиялық, ортопедиялық, нейрохирургиялық төсек – орындарымен толықтай жабдықталған барлық қажетті заманауи қондырғылармен, соның ішінде: «Локомат», «Корвит», «Мотомед» құрылғыларымен, бассейнмен және механоүстелдермен толықтай жабдықталған. Балалар орталықта медициналық және педагогикалық ем-дом шараларын комплексті түрде алуда. Осы күнге дейін орталықтың жұмысы алға басып келеді. Орталықта осы күнге дейін 3236 бала ем алды. Оның ішінде сал ауруына шалдыққан және жүйке жүйесі мен тірек-қимыл мүшелерінің ақауы бар балалар саны – 1115 бала. Сонымен қатар Павлодар, Қарағанды облыстарынан сұраныспен келіп ем алуда. Облысымыздың шалғай аудандарынан келіп жатқан балаларымыз үшін, біздің қызметкерлер тәулік бойы жұмыс жасауда.
Орталығымыз әкімшілік корпусының «Г» цоколдық, 1-ші және 2-ші қабатында орналасқан. Цоколдық қабатта: үш аяқты арнайы велосипедтермен жабдықталған «Автодром» орналасқан. 1-ші қабатта 2 хауыз, 2 емдік ванна, су асты душы, гидромассаж, гало-терапия бөлмелері, жасанды тұз шахтасы, шунгит бөлмесі, педагогтар бөлмелері орналасқан. 2-ші қабатта арнайы жабдықталған бөлмелер, 3 кинезотерапия залы, механотерапия залы және физиоем қабылдауына арнайы аппараттармен жабдықталған.
Орталықта ем алу 2 кезең арқылы және амбулаторлық (АПП) ем жүзеге асады. ІІ кезең жарақаттан кейін, яғни сынықтар, ортопедиялық және нейрохирургиялық оталардан кейін біздің орталықта 15 күн, әр 30 күнтізбелік күн сайын ем алады. ІІІ кезеңде созылмалы жүйке-жүйесі және тірек-қимыл мүшелерінің ақауы бар, ортопедиялық аурулар және туа біткен ақауы бар балалар ем алады. Олар 21 күн ем алады және әр 4 ай сайын қалпына келтіру емін алады. Амбулаторлық (АПП) емге де ІІІ кезеңдегі балалар қабылданады, 15 күн ем алады. Амбулаторлық ем әр 30 күнтізбелік күн сайын жүзеге асады.
Физио – ем бөлімшесі сал ауруымен ауыратын балалар үшін жеке оңалту бағдарламалары құрылып, оның негізгі міндеті дағдылар мен ептіліктер біртіндеп дамып, физикалық және әлеуметтік жағынан бейімдеп, әр балаға жеке-жеке техникасы қолданылады, моторлық қызметін жетілдіріп, жеке және әлеуметтік жағдайын дамытып, олардың күнделікті өмірде тәуелсіздік дағдыларын дамыту, баланың жүйелі оңалту емі нәтижесінде қоғамда, болашақ өмірге бейімделуіне септігін тигізеді. Емдік дене-шынықтыру нұсқаушылары көмегі арқылы күнделікті балалармен жеке және жалпы емдік дене-шынықтыру жаттығуларын өткізеді және де әр баланың диагнозына қарай жеке тәсіл қолданылады. Сонымен қатар «Швед қабырғасы», «Кедергіден өту», «Оңалтуға арналған трансформер» емдік құрылғыларды да кеңінен пайдалануда.
Педагог қызметкерлер (психолог, логопед, дефектолог, еңбек терапевті, эрготерапевт) тарапынан сал ауруына шалдыққан балалармен психо-эмоционалдық жай күйін жақсарту мақсатында, сөздік молайту, шайнау бұлшықеттерінің жақсаруына, өзін-өзі күтүін қалыптастыруына, ұсақ моторикасын дамытуына, жалпы өмірге және қоғамға бейімделуіне педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік жағынан көмек көрсетіледі.
Орталығымыздың ерекшеліктерінің бірі ол кондуктивті терапия. Кондуктивті терапия – ол оңалту емдері кешенінің бір бөлігі. Емнің бұл бөлігінде балалар бір – бірімен қарым – қатынас жасап, музыкамен денелері босаңсып, іс – қимылдарына ерік береді. Бірі қимыл арқылы қарым – қатынас жасаса, бірі көз арқылы, бірі сөз арқылы қарым – қатынас жасайды.
Орталық ашылғалы сал ауруына шалдыққан балалар арасында аяққа тік тұрып, алғашқы қадамдарын жасаған бала саны – 50.
Орталық 18 жасқа дейінгі балаларды қабылдайды. Жаңа туылған нәрестелер де оңалтудан өте алады. Әр балаға айрықша жағдай қажет. Оларға қандай ем қажет екенін тар бейінді мамандардан тұратын мультидисциплинарлық топ анықтайды.
Біз әр балаға махаббат пен мейірімділік арнап, олардың риясыз күлкісі үшін, ата-ананың қуанышы үшін қызмет ету парызымыз деп санаймыз. Әр ата-ана балалардың жетістіктерін көріп, қуануда және өз алғыстарын білдіруде.