Ауруханаішілік тәртіп ережелері
Науқастарға жолығу уақыты 11.00-13.00; 16.00-19.00. Тыныштық сағаты – 13.00 -16.00.
Ауруханадан шығу, еңбекке жарамсыздық қағазының берілу уақыты 16.00 -18.00. Емдеуші дәрігерлермен таңертеңгі дәрігерлік қарап-тексеруден соң жолығуға болады.
3 жасқа дейінгі және жағдайы өте ауыр науқас баланың күтіміне анасы (әкесі) немесе басқа туыс адамдары бірге жатқызылады, кейін еңбекке жарамсыздық қағазы беріледі.
Бөлімшеде анасы өз баласына күтім көрсетіп, аурухананың ішкі ережесін орындауға тиіс.
Бөлімшеде жоғалған қымбат заттарға (ұялы телефон, ақша, алтын заттар және т.б.) аурухана қызметкерлері жауап бермейді.
Ауруханаға түскенде науқас өзімен бірге жеке тазалық заттарын, аналар-басына орамал, халат, жеңіл аяқ-киім алып келуі керек.
Аурухананың барлық аймағында темекі шегуге және спирт ішімдіктерін қолдануға қатаң тиым салынады.
Күн тәртібі
6.00-8.00 | Ұйқыдан ояну, дәрігер тағайындауларын жасау |
8.00-9.00 | Медқызметкерлердің кезекшілік тапсыруы, таңғы ас ішу |
9.00-11.00 | Дәрігерлердің қарап-тексеруі
|
11.00-12.00 | Дәрігерлік тағайындаулар-дәрі ішу, инъекциялар жасау |
12.00-13.00 | Түскі ас шу
|
14.00-16.00 | Күндізгі ұйқы
|
16.00-16.30 | Бесін ас
|
16.30-19.00 | Науқастардың туыстарымен жолығу уақыты |
18.00-19.00 | Кешкі ас ішу
|
19.00-22.00 | Емдеулік тағайындауларды орындау уақыты |
22.00-6.00 | Түнгі тыныштық
|